Қырғызстанда бензин арзандауы мүмкін

0
571

ҚР-ның ЖЖМ нарығында табиғи монополия құрылған, отынның басым бөлігі Ресейден келеді.


Қырғызстанда бензин арзандауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарынан бастап жанармайдың көтерме бағасы арзандап жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Мекеменің хабарлауынша, алдағы айда бағаны кезең-кезеңімен төмендету нәтижесінде, елдің ірі мұнай трейдерлері тариф саясатын қайта қарап, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) 1-1,5 айға жететін қоры болса жанармай бағасын 5-6 сомға түсіреді.

Мониторинг дерегінше, биылғы қаңтарда АИ-92 маркалы жанармайдың орташа бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 сомға арзандады. Дегенмен дизель отынының орташа бөлшек бағасы, керісінше, бір жыл ішінде 58,8-ден 74,1 сомға қымбаттады.

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сарапшылар жанармай бағасы 1,5-2 сомнан артыққа арзандамайды деген болжам жасап отыр. ҚР-ның ЖЖМ нарығында табиғи монополия құрылған, отынның басым бөлігі Ресейден келеді. Бензин бағасына қатысты жағдай нарық трансформацияланғанда ғана өзгеруі мүмкін.