Олардың алтауының мәйіті табылса, екі бала әлі іздестіріліп жатыр.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның оңтүстігіндегі Аксый ауданында сел жүріп, 8 адамды шайып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олардың алтауының мәйіті табылса, екі бала әлі іздестіріліп жатыр.
«Таштак селосында кішкентай баланы тасқын су алып кеткен. Барлығы сегіз адам суға кетті, олардың алтауының мәйіті табылды, екеуін іздестіріп жатырмыз. Бүгін іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің тағы 20 құтқарушысы қосылды. Оларға жергілікті тұрғындар, милиция қызметкерлері көмектесіп жатыр», - деді Қырғызстанның ТЖМ өкілі.
Оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жоборсту селосында тасқын су көпірді бұзып, жолдарды шайып кеткен. Сағат 20:30-да Мал-Калды жайлауына баратын жалғыз жол да су астында қалған.