Зеленский "басып алынған оңтүстік, Донбас, Харьков облысындағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндігі бар жандардың барлығына, оларға шындықты айтуға", ең алдымен "азаттық келетіні туралы" айтуға шақырды.
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский халқына айтқан кейінгі үндеуінде елге "азаттық келетінін" мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Владимир Зеленский "басып алынған оңтүстік, Донбас, Харьков облысындағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндігі бар жандардың барлығына, оларға шындықты айтуға", ең алдымен "азаттық келетіні туралы" айтуға шақырды.
"Кирилловка, Геническ, Бердянск, Мангуш, Горловка, Донецк, Луганскіге айтыңыздар. Украина жерінде Ресей туын көруге мәжбүр болған Харьков облысындағы барлық адамға айтыңыздар. Оларға Украина әскері міндетті түрде келетінін айтыңыз. Әрине, біз Қырымды да босатамыз. Украина туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпатория көгінде де желбірейді. Қырымдағы баға жетпес жерімізді басып алған ресейлік шенеуніктердің әрқайсының есінде болсын: бұл олар үшін тыныш жататын жер емес", - деді Украина президенті отандастарына арнаған кезекті кешкі үндеуінде.