Қытай биіктігі 70 метр құмды күреп, жол салып жатыр

0
1 054

Лоп-Нур – Черчен шөлді аймақтағы тас жолдың ұзақтығы 330 шақырымды құрайды.


Қытай биіктігі 70 метр құмды күреп, жол салып жатыр

ERNUR.KZ. Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында Черчен-Лоп-Нур тас жолы салынып жатыр, деп жазады baq.kz.

Құрылысшылар қазір Черчен ауылы маңындағы шөлді жерге келген.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, жолдың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Құрылысшылар қазір үйілген дала құмын күреп, жол ашып жатыр.

"Үйілген құмның биіктігі 70 метр. Құрылысшылар 1,2 млн шаршы метр құмды күреп, тасулары керек. Бұл жұмысты аяқтау үшін 3 ай уақыт керек", - деп жазды агенттік.
WhatsApp Image 2020-05-19 at 10.23.34.jpeg


Лоп-Нур – Черчен шөлді аймақтағы тас жолдың ұзақтығы 330 шақырымды құрайды. Бұл Такла-Мақан шөлін солтүстіктен оңтүстікке жалғайтын үшінші магистраль.