ҚХР-да коронавирусты 81 439 адам жұқтырған.
ERNUR.KZ. Қытайда коронавирус індетінің таралуы тоқтады. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.
28 наурыздағы мәліметке сәйкес, елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 3 мыңнан кем болған.
"Қытай аумағында эпидемияның таралуы тоқтады", - деді Ми Фэн.
ҚХР-да коронавирусты 81 439 адам жұқтырған. 75 448 науқас аурудан жазылса, 3300 адам індеттен көз жұмған.