Ән салғандар беттерін медициналық бетпердемен тұмшалап алған.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қытай полициясы формасын киген үш адамның домбыра шертіп, ән айтып отырған видеосы тарауда, деп жазады qamshy.kz.
Олардың жанында қытайша жазуы бар жалау ұстаған адам тұр. Домбыра шертіп отырғандардың қазақша ән салғанына қарағанда, олар Қытайдағы этникалық қазақтар болса керек.
Ән салғандар беттерін медициналық бетпердемен тұмшалап алған. Бұл Қытайдағы коронавирустың таралуына байланысты жасалған болуы ықтимал.