​Әділет министрі діни неке қию рәсіміне қатысты пікір айтты

0
114

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер діни жолмен қиылған некелерді заңсыз етуге қатысты шешім қабылдау мүмкіндігі жөнінде сұрады.


​Әділет министрі діни неке қию рәсіміне қатысты пікір айтты

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

ERNUR.KZ. ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев заң талаптары бойынша неке қиюға екпін қойылғанын айтты, деп жазады inform.kz.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер діни жолмен қиылған некелерді заңсыз етуге қатысты шешім қабылдау мүмкіндігі жөнінде сұрады.

- Біз Конституцияға сәйкес зайырлы мемлекетпіз. Мемлекет дін мәселесінен бөлінген, сондай-ақ дін де мемлекет мәселесінен бөлек. Сондықтан «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінде біз неке туралы дәстүрлі көзқарастарды ұстанамыз. Бұл тұрғыда оны қайта қарау немесе діни көзқарастармен араластыру қарастырылмаған, - деді Е. Сәрсембаев.
Ведомство басшысының айтуынша, егер ресми некеге тұрмағандар кейін ажырасса да, ортақ балаларының алимент мәселесін заңмен шешуге болады.
Айта кетейік, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 2-бабына сәйкес, тек мемлекеттік органдар қиған неке ғана танылады. Діни жоралғылар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.
Еске салсақ, Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы некені мешіт пен АХАТ-та қиғызудың айырмашылықтары туралы пікір білдірді.