Қытайда екі жыланбалықты тірідей жұтқан ер адам ажал құша жаздады

0
940

Балықтарды тірідей жұтқан ер адам іші ауырып, дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған.


Қытайда екі жыланбалықты тірідей жұтқан ер адам ажал құша жаздады

ERNUR.KZ. Қытайдағы Нанкин қаласының тұрғыны тірі жыланбалықты жеймін деп, денсаулығына қауіп төндірді. Ол бұл әдіс арқылы ежелгі халық наным-сеніміне сәйкес, простатит пен созылмалы іш қатудан емделмекші болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балықтарды тірідей жұтқан ер адам іші ауырып, дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған. Белгілі болғандай, жыланбалықтардың біреуі тірі болып шыққан. Ол сыртқа шығу үшін ер адамның ішегін кеміруге тырысқан екен.
Дәрігерлер ер азаматтың жолы болғанын айтады.

"Пациенттің асқазанында ақау болған жоқ, алайда ішек өте жіңішке әрі нәзік болғандықтан, жыланбалық сыртқа шығу үшін оны тістеп үлгерген", - деп түсіндірді хирург.