Қытайда қонақүй қирап, бірнеше адам үйінді астында қалды

0
812

Қайтыс болғандар бар.


Қытайда қонақүй қирап, бірнеше адам үйінді астында қалды

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында екі қабатты қонақүй қирап, екі адам қаза тапты және 10 адам үйінді астында қалып қойған, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай сенбі күні таңертең Шаньси провинциясы Линьфэнь қалалық округі Сянфэнь уезінде болған. Екі қабатты қонақүй белгісіз себеппен қирап, бірнеше ондаған адам үйінді астында қалып қойды.

Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетті. Жергілікті уақытпен түске қарай үйінді астынан 23 адам шығарылды. Олардың ішінде екеуі қаза тапқан.