​Қытайда көпқабатты үйдегі өрттен 15 адам қаза тапты

0
863

Өрт кезінде ғимаратта 762 адам болған


​Қытайда көпқабатты үйдегі өрттен 15 адам қаза тапты

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен кемінде 15 адам қаза тауып, 44-і жараланды, деп жазады Zakon.kz.

Мэр Чен Чжичанның айтуынша, зардап шеккендерді тасымалдау үшін 32 жедел жәрдем жұмылдырылған. Ауруханаға жатқызылған адамдарды емдеу бағдарламасын әзірлеу үшін күйік, тыныс алу жолдары аурулары және психология салаларындағы мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылған.

"Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 44 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр. Ал тағы бір науқастың жағдайы қиын, 42 адам жеңіл жарақат алды", - деп келтіреді Guancha Нанкин басшысының сөзін.

Өртті сөндіруге және іздестіру-құтқару жұмыстарына 25 бірлік техника мен 130 адам жұмылдырылды.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің көбі қою улы түтіннен тыныс алу жолдарының зақымдануымен жатқызылған. Науқастардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Өрт кезінде ғимаратта 762 адам болған, оның 516-сын билік қонақүйлерге орналастырып, азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген. Кейбір тұрғындар достары мен туыстарына баруды жөн көрді.

Алдын ала болжам бойынша, өрт әуелі велосипедтер мен электр мопедтеріне арналған жер үсті тұрағында шығып, кейін тұрғын үйдің кіреберісіне өткен.

Бұған дейін Алматыда пәтердегі өртке байланысты 17 адамның эвакуацияланғаны хабарланған еді. Өрт 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан.