Қытайда жер сілкінісі болды

0
598

Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.


Қытайда жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Бейжің уақытымен сенбі күні сағат 08:46-да Сизан автономиялық ауданындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) Нагчу қаласында - Ньима округінде магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 34,14 градусы мен шығыс бойлықтың 86,36 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 8 км тереңдікте жатқан.

Жер сілкінісінің ошағы Ньима округінен 275 шақырым және Лхаса автономиялық аймағының әкімшілік орталығынан 672 шақырым жерде - елсіз аймақта орналасқандықтан, Ньима округінің орталығында айтарлықтай жер асты дүмпулері сезілмеді.

Аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі болған аймаққа далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызметкерлер жіберілді.

Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.