Қытайда жүрдек пойыздарға арналған алғашқы аспалы көпір ашылды

0
1 112

Көпір пойыздарға рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық бойынша әлемдік рекордты жаңартты.


Қытайда жүрдек пойыздарға арналған алғашқы аспалы көпір ашылды

ERNUR.KZ. Қытайдағы алғашқы аспалы теміржол-автомобиль көпірі Цзянсу провинциясында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Хабар24.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, көпір пойыздарға рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық бойынша әлемдік рекордты жаңартты.

Уфэншань деп аталатын көпірдің жалпы ұзындығы 6,4 км құрайды. Ол Янчжоу мен Чжэньцзян қалаларын байланыстырады.

Көпірдің жоғарғы деңгейі төрт жолақ бойынша 100 км/сағ жылдамдықтағы автомобиль қозғалысына арналған. Төменгі деңгейде жүрдек пойыздар қатынайды. Көпірдің құрылысы пойыздардың 250 км/сағ жылдамдықпен жүруіне мүмкіндік береді.