Қытайдағы орман өртінен 3 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

0
508

Өрт 15 наурыздан бері жалғасып жатыр.


Қытайдағы орман өртінен 3 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған орман өртінің салдарынан 3396 тұрғын қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды. Повинцияның қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жанындағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі штабтың мәліметінше, өрттен 21 үй өртеніп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өрт 15 наурызда сағат 17: 00 шамасында Яцзян Ганьцзы Тибет автономиялық округінің Байцзы ауылында басталды. Орман және дала өрттерінің алдын алу және бақылау жөніндегі аудандық штаб хабарланғандай, желдің кенеттен күшеюіне байланысты өрт басқа аймақтарға тез тараған.

Синьхуа хабарлағандай, жақын жерде орналасқан Цзяонибао ауылында өрт қарқыны басылды, алайда әлі де қатты түтін. Ауылда 21 үй өртеніп, 70-ке жуық тұрғын эвакуацияланды.

Ганьцзы-Тибет автономиялық округінің төтенше жағдайлар басқармасы басшысының айтуынша, өртті сөндіруге 8 тікұшақ жұмылдырылған. 1900-ден астам адамнан тұратын күш жергілікті өртпен күресу үшін орналастырылды, ал тағы 890 адам апат аймағына жеткен.

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Дала өртінің себебі зерттеліп жатыр. Қытайдың ауа райын көрсететін қызметте өрт сейсенбі күні аяқталады деп болжанып отыр.