Қытайдың шығысында торнадо салдарынан 5 адам қаза тауып, 88 адам жарақаттанды

0
706

Қарқынды жөндеу жұмыстарынан кейін көлік қатынасы, байланыс, су және электр қуаты негізінен қалпына келтірілді.


Қытайдың шығысында торнадо салдарынан 5 адам қаза тауып, 88 адам жарақаттанды

ERNUR.KZ. Қытайдың шығысындағы Хэцзе қаласында жойқын торнадо болып, бес адам қаза тапты. Сондай-ақ 88 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп жазады Stan.kz.




Статистика бойынша, торнадо салдарынан барлығы 2820 ғимарат пен 48 электр желісі зақымданған.

Қарқынды жөндеу жұмыстарынан кейін көлік қатынасы, байланыс, су және электр қуаты негізінен қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жергілікті іздестіру-құтқару қызметінің жұмысшылары зардап шеккендерді эвакуациялау және қоныстандыру жұмыстарын жүргізіп, мамандар келтірілген шығынды кешенді бағалауға алды.


Қытайдың Ұлттық климаттық орталығының мәліметі бойынша, Шаньдун провинциясында жыл сайын орта есеппен 1,5 торнадо болады.