Қытайлық балалардың TikTok қолдану уақыты 40 минутқа дейін шектелді

0
716

​Бұған дейін Қытай билігі кәмелетке толмағандардың видео ойындарға жұмсайтын уақытын қысқартқан болатын.


Қытайлық балалардың TikTok қолдану уақыты 40 минутқа дейін шектелді

ERNUR.KZ. Қытайда TikTok (Douyin) қосымшасының иелері 14 жасқа дейінгі балаларға контентті қарау уақытын шектеді, деп жазады inbusiness.kz.

Енді осы жастағы пайдаланушылар сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін кез-келген уақытта қосымшаны күніне 40 минут пайдалана алады. Қалған уақытта платформа қол жетімді болмайды.

Жасөспірімдер режимін, өздерінің нақты есімдерін енгізіп тіркелген барлық балалар қолдана алады.

Мұндай шара кәмелетке толмағандарды зияны тиетін ақпараттан қорғау үшін қабылданды. Платформаның басты бәсекелесі Kuaishou 2019 жылы дәл осындай ереже енгізген еді.

Бұған дейін Қытай билігі кәмелетке толмағандардың видео ойындарға жұмсайтын уақытын қысқартқан болатын. Енді 18 жасқа дейінгі балаларға аптасына үш сағаттан артық ойын ойнауға рұқсат берілмейді.