Қытайлық ғалымдар алғашқы клондалған қасқырды көрсетті

0
652

Жасап шығарған Қытай ғалымдарының айтуынша, клондалған қасқырдың шынайы прототипі 9 ай бұрын Қытайдың солтүстігіндегі хайуанаттар бағында өлген.


Қытайлық ғалымдар алғашқы клондалған қасқырды көрсетті

ERNUR.KZ. Қытайда алғаш рет артикалық қасқыр клондалды, деп жазады stan.kz.

Майя – әлемдегі клондалған алғашқы арктикалық қасқыр. Жасап шығарған Қытай ғалымдарының айтуынша, клондалған қасқырдың шынайы прототипі 9 ай бұрын Қытайдың солтүстігіндегі хайуанаттар бағында өлген. Ғалымдар шынайы арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілерін қолданды, қызығы – оның да есімі Майя болды.

Эмбрион бигль иттің құрсағында сақталып, ит суррогат ананың рөлін атқарды.

Бұл жобаны қолдаушы – Sinogene Biotechnology компаниясы. Компания өкілдерінің айтуынша, клондау арқылы жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалуға болады.

"Клондалған жаңа қасқырдың геномы бастапқы қасқырмен бірдей, бірақ клондалған жануар басқа қасқырлармен емес, итпен өмір сүрді. Шын мәнінде, клондалған үй жануарларды әлеуметтендіру мәселесі бар. Жануардың дамып, жетілуіне социум маңызды", – деді Sinogene Biotechnology менеджері Цзяо Цзиньпин.