Қытайлық жас жұбайлар үйлену тойының тақырыбын Димашқа арнаған

0
1 107

Қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншінің фанаты.


Қытайлық жас жұбайлар үйлену тойының тақырыбын Димашқа арнаған

ERNUR.KZ. 4 қазан күні Гуанчжоу қаласында үйлену тойы өткен. Шаңырақ көтерген жастар той тақырыбын қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арнаған, деп жазады dimashnews.com.

Белгілі болғандай, қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншінің фанаты. Сүйіктісі екеуі Димаштың Қытайда өткен алғашқы концертіне бірге барған.

Сяо Ли мен Минг 5 жылдан бері таныс. Минг 2017 жылдан бастап сүйіктісі Димаштың өнеріне қызығушылық білдіретінін байқап, қолдау көрсеткен. Болашақ жарының көзінен қуаныш көру, ғашық жігіт үшін бақытты сәттердің бастамасы болатын.


«Димаш Қытайда алғаш рет туған күнін тойлаған кезде, Гуанчжоу Dear-лары бейнеқұттықтау жазу үшін жиналғанбыз. Менің жанымдағы жігітті көрген қыздар оны Димаштың жанкүйері деп ойлап, таңғалды. Бірақ ол мені қолдау үшін келіп, қасымда жүрді. Содан бері Минг біздің ортада «жалған фанат» деген лақап атқа ие болды», - дейді Сяо Ли.



Еске салсақ, Димаштың Қытайдағы алғашқы концерті Чаншада өтті.


«Бұл, менің «жалған фанатыммен» барған алғашқы концертім. Алдын ала билет сатып алдық. Шағын саяхатымызды жоспарлап, жолға шықтық. Желтоқсан айында Чанша күн өте суық болады. Оның үстіне жаңбыр жауды. Минг екеуміз салқын ауа райын ұнатпаймыз. Соған қарамастан ол менімен бірге болды. Димаш жүрген көшеде жүріп, Димаш жеген тофуды бірге жеп, Димаш суретке түскен жерлерде мені суретке түсірді», - деп еске алады қалыңдық.


Чаншадағы бұл концерт біздің өміріміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Сондықтан үйлену тойын ұйымдастырушы жұбайым екеуміздің есте қалар сәтімізді сұрағанда, «Чаншадағы ғажайып сапар» дедім.

Тойда Димаштың әндері шырқалған. Асаба жиналғандарға Минг пен Сяо Лидің Чаншадағы Димаштың концертіне сапары туралы айтып берген.