Бұған дейін ДДСҰ алдағы уақытта ковидтен де қауіпті вирус пайда болатынын хабаралаған еді.
ERNUR.KZ. Мариан шұңғымасында орналасқан Челленджер тұңғиығындағы шөгінділерді зерттеген Қытай ғалымдары алып вирус тапқандарын айтып, ғылыми мақала жария етті, деп жазады kaz.nur.kz.
Шанхайдан келген зерттеу тобы биосфера құрылымына талдау жасап, жер бетіндегі ең терең нүкте - Мариан шұңғымасындағы микроағзаларды зерттеді.
Нәтижесінде Челленджер тұңғиының түбінен көтерілген шөгінділерден вирустардың колониясы, оның ішінде вирустардың өте үлкен түрлері табылған. Бұл туралы ғылыми мақала Genom Biology журналында жарияланды.
Ғалымдардың мәліметінше, вирустардың ең алып түрлері - мимивирустар көлемі бойынша кейбір бактериялардан асып түседі. Атмосфералық қысымнан 1100 есе жоғары қысымға ие мұндай тереңдікте олардың саны көп болды деп жазады Bangkok Post.
Жалпы, қытайлықтар Челленджерден вирустың 15 түрін және 100-ден астам микроағзаны таба алған. Бірақ олардың ешқайсысы зертханада тіршілігін жалғастыра алмаған.
Еске салсақ, бұған дейін ДДСҰ алдағы уақытта ковидтен де қауіпті вирус пайда болатынын хабаралаған еді.
Одан бөлек, Билл Гейтс коронавирустан кейін әлемге тағы екі қатер төніп тұрғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, егер әлдебіреу әлемге зиянын тигізгісі келсе, ол қауіпті вирус ойлап таба алады және бұл табиғи эпидемияға қарағанда әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Кәсіпкердің болжамы бойынша, адамзат кезекті пандемия болған жағдайда, оны тоқтата алуы екіталай.