Коронавирус Еуропаға біртіндеп келіп жатыр. Алғашқы инфекция жұқтыру жағдайлары Аустрия мен Хорватияда, Норвегияда, Румынияда тіркелген.
ERNUR.KZ. Сәрсенбі Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа түрін (COVID-19) жұқтырған алғашқы жағдайды растады, деп жазады ҚазАқпарат.
Латын Америкасында коронавирусты алғаш жұқтырған бразиялиялық Сан-Паулу қаласының 61 жастағы тұрғыны. Агенттіктің мәліметінше, ол ақпанның 9-21 аралығында Италияның солтүстігіндегі Ломбардияда болған. Өткен жұма күні сапардан елге оралғаннан кейін одан коронавирус белгілері анықталған. Атап айтсақ, дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел, тамағы ауырып, тұмау болған. Сан-Паулу ауруханасында бірқатар тестілер тапсырғаннан кейін, нәтижесі вирустың бар екенін растаған.
Баспасөз конференциясы барысында Бразилияның Денсаулық сақтау министрі Луис Энрике Мандетта пациент өзін жақсы сезінетінін, үйінде болатынын хабарлады. Ол вирустың жазда тропикалық елде қалай өтетінін билік бақылап отыратынын айтты. Мандетта сондай-ақ елде вирустың таралуын тежеу шаралары туралы мәлім етті.
Сәрсенбі күні кешке Финляндияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы жарияланды. Helsinki Times-тың хабарлауынша, Финляндия тұрғыны жақында Италияның солтүстігіне жасаған сапарының нәтижесінде коронавирус жұқтырған.
Науқас Миланнан Хельсинкиге жексенбіде оралған, содан бері тек екі адаммен сөйлескен. Дәрігерлер олармен байланысқа шықты, бірақ әзірге екеуінде де вирустың белгісі жоқ.
Хельсинки ауруханасы жанындағы университеттінің мәліметінше, аталмыш жағдайда вирус жұқтыру қаупі өте төмен екені және бақылауда екені белгілі болды.
Коронавирус Еуропаға біртіндеп келіп жатыр. Алғашқы инфекция жұқтыру жағдайлары Аустрия мен Хорватияда, Норвегияда, Румынияда тіркелген. Германиятұрғынының COVID-2019 коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Еуропада ең алаңдатарлық жағдай Италияда болып отыр, онда 11 адам COVID-2019 вирусынан көз жұмған.