​LG компаниясының басшысы қайтыс болды

0
1 347

л ірі конгломератты 23 жыл бойы басқарып келген.


​LG компаниясының басшысы қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда LG компаниясының төрағасы Ку Бон Му қайтыс болды деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы оңтүстіккореялық ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Ол ірі конгломератты 23 жыл бойы басқарып келген. Бизнесмен 73-ке қараған шағында көз жұмды. LG компаниясын 1995 жылы Ку Бон Мудың әкесі оған мұра етіп қалдырған. Енді бұл кәсіпті оның інісі Ку Бон Чжун әрі қарай жалғастырмақ. Айта кетейік, Ку Бон Мудың артында екі қызы мен асырап алған ұлы қалды.