Мерт болғандар қатарында бір әйел мен алты және тоғыз жас аралығындағы үш бала бар.
ERNUR.KZ. Либерияның орталық бөлігінде автоцистерна жарылып, қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, ондаған тұрғын жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі полицияға сілтеме жасай отырып, 15 адам қаза болып, 30-дан астам тұрғын жараланғанын мәлімдеген болатын.
Басылымның жазуынша, либериялық Бонг графтығындағы Тотота қаласында 26 желтоқсанда автоцистерна жолдан шығып кетіп, өртенген.
Куәгерлердің сөзінше, апаттан кейін бірнеше адам төгіліп жатқан жанармайды жинауға тырысқан, салдарынан жарылыс болды.
Мерт болғандар қатарында бір әйел мен алты және тоғыз жас аралығындағы үш бала бар, деп хабарлады денсаулық министрінің орынбасары кеше өткен брифингте.
Ол құрбандар саны артуы мүмкін екенін атап өтті.