Лондонда ер адам самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқан бозбаланы өлтірді

0
327

Алдын ала мәлімет бойынша, болған оқиға теракт емес.


Лондонда ер адам самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқан бозбаланы өлтірді

ERNUR.KZ. Лондонда ер адам самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқандарға шабуыл жасады. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы төрт адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олардың жарақаттары ауыр деңгейде, бірақ өмірлеріне қауіп төндірмейтіні хабарланды.

Қайғылы оқиға Ұлыбритания астанасының шығысында, Хейнот қалашығының маңында болды. Көлік тұрғын үйге соғылып, ішінде қолында самурай қылышы бар ер адам шығып, қоршап тұрғандарға шабуыл жасады.

Күдікті электрошокермен ұсталды. Ол – 36 жаста, қазір полиция оның психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, болған оқиға теракт емес.