Лондондағы мешіт пітір садақаны криптовалютамен алады

0
1 316

Қасиетті Рамазан айында енді адамдар өзінің крісінен 2,5 пайызды құрайтын зекетті биткоин немесе эфир күйінде бере алады.


Лондондағы мешіт пітір садақаны криптовалютамен алады

Ұлыбритания астанасы Лондондағы мешіттің бірі пітір садақаны криптовалюта түрінде алуға кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қасиетті Рамазан айында енді адамдар өзінің крісінен 2,5 пайызды құрайтын зекетті биткоин немесе эфир күйінде бере алады.

Мешіт өкілдері мұндай пітір садақадан 10 мыңдай фунт стерлинг жинайтынына үмітті.

Қаржы кедей-кепшіктерге көмек көрсетуге, ғимараттарды жөндеу сияқты қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

Ал адамдар мұндай жаңашылдыққа қарсы еместерін айтады.

Абдалла, мешіт имамы: - Биткоин өзге валюталардан кем емес. Кей адамдар оны ақша түрінде пайдаланады. Біз алыпсатарлықпен айналыспаймыз. Мешіт халыққа қызмет етеді. Ең бастысы адамдардың мүддесі.
Лукас Мусиал, блокчейн бойынша кеңесші: - Биткоин немесе эфирі бар азаматтар үшін оларды доллар болмаса фунт стерлингке айырбастау қиынға түсер. Мешіт бұл мәселені өз мойнына алады. Оларды аударушы қажетті түймешені басып, мешіттің криптоәмиянына аударса жеткілікті. Бұл мешітке пітір садақаны әлемнің түкпір-түкпірінен аударуға мүмкіндік береді.