​Малайзия королі "Мәскеу аруына" үйленіп, дүркіретіп той өткізді

0
1 179

Оксана Воеводина 22 жасында Мәскеудің ең сұлу қызы атағын жеңіп алды.


​Малайзия королі

ERNUR.KZ. Малайзия королі Мұхаммед Бесінші "Мәскеу аруы-2015" байқауының жеңімпазы, ресейлік модель Оксана Воеводинаға үйленді, деп жазады sputniknews.kz.

World of buzz порталының мәліметінше, үйлену тойы 22 қарашада Мәскеу түбіндегі Барвиха кентінің Luxury Village концерт залында өтті.

Тойда спирттік ішімдіктер болмағаны хабарланды, ал салтанатты дастарқанға тек адал ас қойылған.
Қалыңдық қонақтардың алдына сәнді ақ көйлекпен, ал оның күйеуі дәстүрлі Малайзия киімімен шықты.

Оксана Воеводина 22 жасында Мәскеудің ең сұлу қызы атағын жеңіп алды.

Мұхаммед V 1969 жылы 6 қазанда Малайзияда Келантан сұлтанатында дүниеге келді.

Ол бұған дейін Паттани корольдік отбасының мүшесіне үйленген, бірақ 2008 жылы ажырасып кетті, королдің баласы жоқ.