Марста үлкен су қоры табылды

0
664

Олар температурасы өте төмен 1500 км тереңдікте орналасқан.


Марста үлкен су қоры табылды

ERNUR.KZ. NASA мамандары Еуропалық ғарыш агенттігінің аппаратынан алынған мәліметтерге талдау жасады, деп жазады 24.kz.

2018 жылы ғалымдар Марстың Оңтүстік полюсінен көрінетін радар сигналдары планетаның ішінде көл бар екенін көрсетеді деп мәлімдеді. Содан бері олар жасырынған бірнеше су қоймаларын анықтай алды.

Олар температурасы өте төмен 1500 км тереңдікте орналасқан. Мұндай жағдайда су құрамында тұзды минералдар (перхлораттар) болса да қатып қалады.

Теориялық тұрғыдан Қызыл ғаламшардың жер қойнауындағы вулкандық процестерге байланысты су сұйық күйінде қалуы мүмкін, бірақ сарапшылар бұл белгілерді анықтаған жоқ. Алынған ақпарат 2030 жылдарға жоспарланған Марстағы болашақ миссиялар үшін өте пайдалы болуы мүмкін.