Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны туралы хабарлады

0
515

Бірқатар БАҚ пен Telegram-арналарында оқиға орнынан фотолар мен видеолар жариялады.


Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны туралы хабарлады

ERNUR.KZ. Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин 24 шілдеде таңғы сағат 4:00 шамасында "ұшқышсыз ұшақтардың екі ғимаратқа шабуылы" тіркелгенін айтты. Мэрдің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Украинаны айыптап, "Мәскеу қаласындағы нысандарға екі ұшқышсыз ұшақтың лаңкестік шабуыл жасау әрекеті" туралы хабарлады.



Айта кетейік, бірқатар БАҚ пен Telegram-арналарында оқиға орнынан фотолар мен видеолар жариялады. Олардағы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңындағы нысандар зақымданған. Мәскеу орталығынан Комсомольский даңғылы бойындағы көлік қозғалысы жабылған.


Еске салайық, бұған дейін Украинада Одессаға зымыран шабуылынан кейін бір адам қаза тауып, 22-сі жараланған. Қаладағы ең үлкен православ шіркеуі - Спасо-Преображенский соборы айтарлықтай зақымданған.