Мәскеуде дауылдан 2 адам опат болды

0
271

Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүйткіген жел үйлердің шатырын ұшырған.


Мәскеуде дауылдан 2 адам опат болды

ERNUR.KZ. Тағы 18 адам ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы ауыр. Синоптиктер желдің күші 10 балға жеткенін айтады, деп жазады baq.kz.

Бұл – жоғары деңгей. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүйткіген жел үйлердің шатырын ұшырған. 700-дей ағашты жұлып әкеткен. 300-дей көлік бүлінді. Қалада саябақтар мен мейрамханалардың жазғы алаңдары жабылды.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, әзірге ұшақтар ұшып жатыр. Бірақ кейбір рейстер бағытын өзгерткен.