Мәскеуде Қазақстанда шығарылған өнімдер жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
1 070

Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі 13-қазанға дейін жалғасады.


Мәскеуде Қазақстанда шығарылған өнімдер жәрмеңкесі өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Мәскеуде Қазақстанда шығарылған өнімдердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұтынушыларға 30 кәсіпорынның тауарлары ұсынылды. Сөреге азық-түліктен өзге қазақ қолөнер шеберлерінің зергерлік бұйымдары да қойылды. Киіз үй түрінде құрылған атшаптырым павильонда сүт пен ұннан бастап жеміс пен тәттілердің неше түрі, жалпы 30 кәсіпорынның өнімдері қойылған. Нұр-Сұлтан қаласының қолөнершілері зергерлік бұйымдарын әкеліпті. Сөрелерде тұрған дүниелер түгелдей Қазақстанда шығарылған.

- Бұл қазақстандық бал, Төле-би ауданы, Түркістан облысы, Тастасу ауылы. Ара өсіретін шаруашылығымыз бар, тоғыз отбасы омарташылықпен айналысады. Мұнда бір жарым тоннадай бал әкелдік, - дейді қазақстандық кәсіпкер.

- Бізде Қостанай облысынан алманың әр түрі бар, ал Жамбыл облысынан қарбыз пен қауын әкелдік, - деді тағы бір кәсіпкер.

Жәрмеңке халық тығыз қоныстанған ауданда өтіп жатыр. Мәскеу тұрғындары қазақстандық сүт өнімдерін білмейтінін мойындаса да, оның дәмін татқысы келеді.

- Мен дәмін көргім келеді, өзім болмасам да, бұл өлкені қатты құрметтеймін. Өте дәмді болады деп ойлаймын, - деді Мәскеу қаласының тұрғыны.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - Мәскеу өңірінде «Қазақстанда жасалған» өнімдерді жұртқа кеңінен таныстырып, танымал брендке айналдыру. Ал Мәскеу қаласының өз басы мен облыс аумағы 30 миллион адам тұратын Ресейдегі ең ірі нарық.

- Бірнеше облыстардан өнімдер келді. Олардың қатарында оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан Қостанай, Павлодар облыстары бар. Астанамыз Нұр-Сұлтаннан да тауар келіп Мәскеудің тұтынуышалырна ұсынылып жатыр, - дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаров.

Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі 13-қазанға дейін жалғасады.