Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жетті

0
742

Ресей вице-премьері Татьяна Голикова Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер санының артуы қайғылы оқиға кезінде адамдар шок алып, қашып, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінбегеніне байланысты дейді.


Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жетті

ERNUR.KZ. Крокус Сити Холлдағы терактіден зардап шеккендер саны 360-қа жетті, деп жазады stan.kz.

Мәскеуде болған теракт зардап шеккендер саны 27 наурыздағы жағдай бойынша – 360.

"Сәрсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шекті, оның ішінде 11 бала", – деді жедел жәрдем өкілі.

Оның айтуынша, 92 адам ауруханаға жатқызылды, ал 63 адам ауруханадан шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілді.

Ресей вице-премьері Татьяна Голикова Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер санының артуы қайғылы оқиға кезінде адамдар шок алып, қашып, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінбегеніне байланысты дейді.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Шабуылдаушылар "Крокус" залына бірнеше бөтелке лақтырған.