Мексикада 13 полиция қызметкерін өлтіріп кетті

0
722

Тағы екі полиция қызметкері жарақат алды.


Мексикада 13 полиция қызметкерін өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Мексиканың оңтүстігіндегі Герреро штатында қарулы топ кем дегенде 13 полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Formula радиостанциясы хабарлағандай, қарулы шабуыл Акапулько-Сихуатанехо федералды тасжолында болған.

«Герреродағы Коюка муниципалды полициясына жасалған шабуылда 13 полиция қызметкері қаза тапты. Кем дегенде тағы екі полиция қызметкері жарақат алды. Қазіргі кезде шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр», - делінген хабарламада.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел офицер, сондай-ақ муниципалды полицияның басшысы бар.