Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты.
ERNUR.KZ. Ангела Меркельге Германия канцлері ретінде өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты. Штайнмайер Меркель канцлер болған уақытты "Германия тарихындағы ұлы күндер" деп атады.
Енді Меркель және Германия үкіметінің қалған мүшелері жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарушы ретінде өз қызметтерін орындайды.
Германия Конституциясының 69-бабына сәйкес президент канцлерден немесе министрден келесі адам тағайындалғанға дейін қызметін жалғастыруды талап ете алады. Канцлер де, министр де бұдан бас тарта алмайды.
Жаңа канцлер Социал-демократиялық партияның жетекшісі Олаф Шольц болады деп болжанып отыр, оның партиясы 25,7 пайыз дауыс жинап, 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жеткен еді.