Миланда Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы митинг өтті

0
593

Бұған дейін елдегі "Лига" партиясының жетекшісі Маттео Сальвини Киевке тағы да қару-жарақ жеткізуге қарсы екенін білдірді.


Миланда Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы митинг өтті

ERNUR.KZ. Италия қаласы Миланда Ресей азаматтарын кемсітуге және Украинаға қару-жарақ жеткізуге қарсы митинг өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Наразылық шарасы "Ла Скала" театрының жанында өтті. Оған ондаған адам қатысты. Ереуілшілер Ресей жалаулары мен кейбір саяси ұйымдардың рәміздерін әкелген. Митингке келгендердің қатарында Ресей азаматтары да болды.

Бас көтергендер елдің Премьер-Министрі Марио Драгиді Италиядағы кедейліктің таралуына кінәлі деп айыптады. Олар "Ресейге қарсы салынған санкцияларының салдарынан инфляция 8,5%-ға жетті, халықтың жағдайы нашарлап барады" деп ұрандатқан.

Бұған дейін елдегі "Лига" партиясының жетекшісі Маттео Сальвини Киевке тағы да қару-жарақ жеткізуге қарсы екенін білдірді.

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыстың жалғасуы қақтығыс кезінде зардап шеккен босқындар мен жергілікті жұмысшыларға ауыр тимек.