ERNUR.KZ.Ел президенті Майя Санду Молдованың Тәуелсіздік күнін мерекелеуге қатыспайды, деп жазады kaz.inform.kz.
Молдова президенті Майя Сандуға коронавирустың жаңа түрі (COVID-19) диагнозы қойылды. Бұл туралы мемлекет басшысы дүйсенбі, 26 тамызда әлеуметтік желілер арқылы видеоүндеуінде мәлімдеген.
Президент Молдованың Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыса алмайтынына өкініш білдірді.
«Құрметті достар, құрметті азаматтар. Өкінішке қарай, мен COVID-пен ауырдым және бүгін немесе ертең қоғамдық шараларға қатыса алмаймын. Мен өзімді жақсы сезінемін және әдеттегіден сәл шаршаудан басқа белгілері жоқ. Тәуекел туғызбау үшін мен алдағы бірнеше күнде оқшауланамын», – деді Санду.
Мемлекет басшысы отандастарына «COVID жойылмағанын» еске салып, инфекция бар деген күдік туса, тексеруден өтіп, дәрігерге қаралуға шақырды.
Молдова Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған барлық іс-шаралар белгіленген бағдарламаға сәйкес жалғасады.
Айта кетейік, өткен жылы Молдова президентінің иті Австрия президентін қауып алған еді. Салдарынан Австрия басшысы Ван дэр Бэллен құжаттарға қолы байлаулы күйінде қол қойды.