​Моңғолияда «сыбайласқан бай шенеуніктерге» қарсы шеру басталды (видео)

0
1 395

Бұл шеру көлемі жағынан бұдан 10 жыл бұрынғы қайғылы оқиғамен аяқталған шеруден кейінгі екінші орында болып отыр.


​Моңғолияда «сыбайласқан бай шенеуніктерге» қарсы шеру басталды (видео)

ERNUR.KZ. Бүгін Монғолияның астанасы Улан-Батордың бас алаңына 25 мың адам «бай әрі сыбацласқан шенеуніктерге» қарсы наразылықтарын білдіру үшін жиналды, деп жазады ca-news.org.


Бұл шеру көлемі жағынан бұдан 10 жыл бұрынғы қайғылы оқиғамен аяқталған шеруден кейінгі екінші орында болып отыр. 2008 жылдың 1 шілдесі Моңғолия тарихында бұқаралық жаппай тәртіпсіздікпен жазылған болатын. Елдің астанасында осы күні бүлік шығып, ол 4 күнге созылған еді. 5 азамат полиция қолынан қаза тауып, бүлікті басуға әскер шығарылған. Сондай-ақ Моңғолия халықтық революциялық партиясының штаб-пәтері өртелген болатын.

Басылымның мәліметінше, бүгінгі шеру бұрынғысынан өзге болып отыр. Жуырда моңғол парламенті депутаттарының ұйғаруымен парламенттің соңғы спикерін қызметтен алуға әрекет жасалған еді. Бүгін халық тек қана спикерді орнынан түсіру үшін емес, оған қоса «MANAN»-ға (моңғол тілінен аударғанда – «тұман») қарсылықтарын білдіруде.

«MANAN» - моңғолдық бәсекелес екі партияның қысқартылған аббревиатурасы: Моңғол халық партиясы (Монгол Ардын Нам - MAN) және Демократиялық партия (Ардчилсан Нам - AN).

Соңғы 27 жылда екі партия арқылы да өздерінің лауазымын сақтап қалған бай шенеуніктер деп санайды халық. Сондықтан да халық оларды Моңғолиядағы «тұман» - «MANAN» деп санайды. Бұл «тұманның» басты өкілдері – қазіргі парламенттің спикері Миеэгомбын Энхболд және Моңғолияның экс-президенті Цахиагийн Элбэгдордж, деп жазады ARD басылымы.