ERNUR.KZ. Мамыр айының басында Моңғолия жерінде қой ерекше егіз төлдеді. Егіз қошақандардың саны – бесеу.
ERNUR.KZ. Мамыр айының басында Моңғолия жерінде қой ерекше егіз төлдеді. Егіз қошақандардың саны – бесеу, деп жазады ca-news.org.
Бес қошақан төлдеген қойдың иесі Түнел Хубсугул аймағында тұратын шопан Ж.Болд-Эрдэнэ.
Қошақанның бесеуін де енесі қамтамасыз ете алмағандықтан, олардың үшеуін басқа қойларға телиді.
Шопанның өзі қойының ерекше егіз төлдегенін өте жақсы нышанға балап отыр. «Бұл – молшылықтың белгісі», - дейді ол.
Анықтама үшін, қой орташа есеппен алғанда 1-3 қозы егіз төлдейді.