Мұғалім әйел жыланды жалаңаш қолымен ұстап, оқушыларын құтқарып қалды

0
2 764

Мұғалім питонды қолымен алғаш рет ұстап тұрғанын жеткізді.


Мұғалім әйел жыланды жалаңаш қолымен ұстап, оқушыларын құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Индонезияның Батыс Сулавес провинциясында мұғалім жалаңаш қолымен питонды ұстап, оқушыларын құтқарып қалды, деп жазады stan.kz.

Мұғалім питонды ұстап, оқушылардың көзінше мектептен шығарып тастады.

Оқиға жұма күні мемлекеттік орта мектептің бірінде болды. Оқытушы Путу Аюдың айтуынша, екіметрлік питон сабақ кезінде ғимаратқа кіріп кеткен. Әйел жыланды алып, балалардың көңілін орнына түсірді.

"Мен бірінші рет питонды қолыммен ұстап тұрмын. Балалар қорқып, алаңдап кеткен соң осылай істедім", - дейді ол.

Питон қарсылық көрсеткен, алайда өзге мұғалімдер мен батыл оқушылар көмектесіп, жыланның аузын буып тастады.

Әйел мұндай жыландардың мектепке жиі кіретінін атады.

Жергілікті тұрғындар питонды тұрғын үйлерден жыраққа апарып тастады. Ешбір адам да, жылан да зардап шеккен жоқ.