Мұқтаж отбасыларға үй сатып алу үшін 10 проценттік субсидия беріледі

0
2 862

Президент мыңдаған отбасына, әсіресе ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.


Мұқтаж отбасыларға үй сатып алу үшін 10 проценттік субсидия беріледі

ERNUR.KZ. Өзбекстанда биыл ипотекаға үй алу үшін бастапқы жарна 20 пайыздан 15 пайызға түседі. Бұдан бөлек ипотекалық несие бойынша алты айлық жеңілдік мерзімі енгізіледі, деп жазады Азаттық.

3 наурызда президент Шавкат Мирзияев тұрғын үй құрылысын дамыту және ипотекалық нарыққа қатысты видеоконференцияда сөз сөйледі.


"Тұратын үйін жақсартуды қалаған аз қамтылған отбасылар бастапқы 15 пайыздық төлемнің 10 пайызын субсидия ретінде ала алады. Былайша айтқанда, ипотекаға үй сатып алғысы келсе, бастапқы жарнаның 5 пайызын ғана төлейді", - деді Мирзияев.


Ипотека шегі 12%, басқа аймақтарда 10%-дан асқан жағдайларда да несиенің бір бөлігі субсидияланады.


"Мәселен, ауылды жерден көлемі 54 шаршы метр пәтер алуды қалаған отбасы (шамамен мұндай үй 216 миллион сум немесе 20,5 мың доллар тұрады) бастапқы 3000 доллардың орнына 1000 доллар ғана төлейді. Қалғаны бюджет есебінен жабылады. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша отбасы айына 143 доллардан төлеп тұрса, мемлекет ай сайын қалған 100 долларын жауып тұрады", - деп хабарлайды жергілікті басылымдар.


Шавкат Мирзияев бұдан бөлек мыңдаған отбасына, әсіресе ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.