Мұнай компаниялары зиянды қалдық мөлшерін қысқартады

0
981

Дубайдағы климат жөніндегі конференцияда мәлімдеді.


Мұнай компаниялары зиянды қалдық мөлшерін қысқартады

ERNUR.KZ. Канадада мұнай компаниялары 2030 жылға дейін ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемін 38 пайызға қысқартады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы осы елдің Қоршаған ортаны қорғау министрі Дубайдағы климат жөніндегі конференцияда мәлімдеді.

Оның сөзінше, белгіленген межеге жету үшін Үкімет қатаң жүйе енгізеді. Талап бойынша, мұнай компанияларына қазба отынын аз мөлшерде ғана сатуға және айырбастауға рұқсат етіледі.

- Біз ел тарихында тұңғыш рет қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтуды қамтамасыз ететін ереже енгізіп отырмыз. Канадалықтар Үкімет пен мұнай компанияларының бұл бастамасы климаттың өзгеруінің алдын алады деп сенім артып отыр, деді Стивен Гильбо, Канаданың қоршаған ортаны қорғау министрі.

Ал Қытай билігі 2025 жылға қарай ауа сапасын жақсартуға күш салады. Ол үшін Үкімет бүкіл өндірісті жасыл экономикаға көшіріп, көліктен бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтуды қолға алмақ. Бұл бастамаға Бейжің, Тяньцзинь, Хэбэй және жақын маңдағы аймақтар тартылады. Ал табиғи газ өндірісінің көлемі керісінше ұлғаяды.