Мыңдаған ұстаз ереуілге шықты

0
1 003

Негізгі талап – ұстаздардың ең төменгі жалақысын шамамен 260 долларға өсіру.


Мыңдаған ұстаз ереуілге шықты

Иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Варшавада мыңдаған ұстаз Польшаның ұлттық білім беру министрлігінің алдына наразылық шарасына жиналды, деп жазады 24.kz.

Айта кетерлігі, осыдан бірер апта бұрын мұғалімдер қауымы мерзімсіз ереуілге шығатынын жариялаған. Негізгі талап – ұстаздардың жалақысын шамамен 260 долларға өсіру.

Польшада сәуірдің 10-нан бастап мектеп оқушыларының емтихандары белгіленген еді. Оқытушылардың ереуілге шығуы енді бұл үдерісті қиындата түсті. Сол себепті мектептегі оқушылардан емтихан қабылдау үшін ел үкіметі педагогикалық білімі бар еріктілерді жұмысқа тартуға мәжбүр болған. Осылайша, гимназиялар мен сегізінші сынып оқушыларының білімін сынау мүмкін болды.

Алайда 6 мамырдан бастап мектеп бітіру сынақтары басталады. Бұл ретте ұстаздар қауымының ереуілі түлектердің емтиханын ұйымдастыруға кедергі болмақ.