Қонақүй туристер келгенге дейін батып кеткен.
ERNUR.KZ. Мысырда бір қарағанда ойға қонымсыз төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, елде бүтін бір қонақүй суға батып кетен. Ол Ніл өзеніндегі жүзбе қонақүй еді, оқиға Луксорда болған. 13 жыл қазықта байлаулы тұрған қонақүйді пайдалануға бергенде суға кетіпті, деп жазады tengritravel.kz.
Egypt Independent мәліметінше, Қонақүй кәсіпорындарының орталық басқармасының басшысы Мохамед Амер қонақүйде лицензия жоғын және онда туристер болмағанын растады. Оқиға былай болған: 2010 жылы кеме - қонақүй пайдаланудан шығарылыпты. Алайда оның иесі Көлік министрлігі мен елдің Өзен көліктері басқармасына оны жөндеп беруін сұраан.
Осылайша, ол жөндеуге берілген. 23 тамызда ол испекциядан өтіп, басқа лицензия алғанға дейін суға түсіруге рұқсат еткен.
Абырой болғанда қонақүй туристер келгенге дейін батып кетіпті. Қазықта байлалулы тұрған кеме - қонақүй жанға қисайып, ішіне су кіріп жартылай қалқып тұрып қалған екен.