Наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасады

0
915

Наразылық білдірушілерге қарсы көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданылды.


Наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Тбилиси полициясы Грузия парламентінің алдына жиналған көтерілісшілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзді жасаурататын газ қолданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаппай наразылық бейсенбі күні, 20 маусымда Бас ассамблеядағы Ресей делегациясының Православие парламентаралық ассамблеясына қатысуына байланысты басталды. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырды.

Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Еuronews мәліметінше, шерушілер Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахария мен спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін, сондай-ақ кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуін талап етіп, парламент ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасаған. Грузия Ішкі істер министрі Георгий Гахария шерушілерді полицияға бағынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС.

«Мен ең алдымен алаңда тұрған әр азаматты, мүмкін олар әділетті наразылық білдіріп тұрған болар, полиция талаптарына бағынуға шақырамын. Мұнда болып жатқанның барлығы мемлекеттік институттарға шабуыл саналады», - деді ол бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында.

Наразылық білдірушілерге қарсы көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданылды. Грузия баспасөзі бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың 38-і - полиция қызметкерлері. Кешкісін С.Гаврилов және басқа да Мемлекеттік думаның депутаттары Тбилисиден ұшып кетті.