Оған 2 жыл 8 ай мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалды.
ERNUR.KZ. Ресейлік оппозиция жетекшісі әрі блогер Алексей Навальный тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы РИА Новости Федералды қылмыстық-атқару қызметінің бастығы Александр Калашников мәлімдегенін хабарлады.
Ол сот шешімімен белгіленген орынға аударылды. Барлығы заң мен қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылды, - деді ол.
Калашников оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатердің жоқтығына кепілдік беретінін баса айтты.
Ол абсолютті қалыпты жағдайда қамауда ұсталатын болады, - деді ол
Ақпан айының басында Навальный Ив Рошер ісі бойынша тағайындалған жазасы шарттыдан нақтыға ауыстырылды, оған 2 жыл 8 ай мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалды.