Непалдағы ұшақ апаты: Құтқарушылар 21 адамның денесін тапты

0
711

​Ұшақта 22 адам болған, тағы бір жолаушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Непалдағы ұшақ апаты: Құтқарушылар 21 адамның денесін тапты

ERNUR.KZ. Құтқарушылар 21 адамның мәйітін тапты, деп жазады Экспресс К.

Апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары Мустанг маңынан табылды. Бортта 4 Үндістан азаматы, 2 неміс пен 16 непалдық азамат болды. Таулы жер мен қолайсыз ауа райы іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде.

Непал үкіметі жантүршігерлік апатты тексеру үшін комиссия құрғанын мәлімдеді.

Бұған дейін құтқарушылар 14 адамның денесін тапқан болатын.