Мұнан былай барлық халықаралық және ауқымды іс-шараға бұл ел тек Нидерланд деген атаумен қатысады.
ERNUR.KZ. Нидерланд енді өзін Голландия деп атамайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл елдегі билік Голландия десе дүние жүзіндегі жұрттың көз алдына есірткі мен «қызыл шамдар» көшесі елестейтінін ескеріп, ребрендинг жасауды ұйғарған. Мұнан былай барлық халықаралық және ауқымды іс-шараға бұл ел тек Нидерланд деген атаумен қатысады. Нидерланд атауын қолдану ұлттық құрама мен Токиодағы Олимпиадаға баратын командаларға әсіресе қатысты болмақ.