Нидерланд ғалымдары дәріні инесіз салуды ойлап тапты

0
808

Ғалымдардың айтуынша, әсіресе пандемия кезінде бұл технологияның көп пайдасы тиеді.


Нидерланд ғалымдары дәріні инесіз салуды ойлап тапты

ERNUR.KZ. Нидерландтық зерттеушілер дәріні инесіз де еге алады. Иненің орнына лазер қолданылады, деп жазады 24.kz.

Ғалымдардың айтуынша, әсіресе пандемия кезінде бұл технологияның көп пайдасы тиеді. Өйткені кейбіреулер инеден қорқып, коронавирусқа екпе салдырудан бас тартуы мүмкін.

Ал лазерлік пистолеттің көмегімен екпе салса адам ауырсынбайды. Зерттеушілер технологияның басқа да артықшылықтары барын айтады. Мәселен, ине арқылы ауру жұғуы мүмкін. Сонымен қоса экологияға да зияны аз. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар азаяды.

"Мен инеден қорқамын. Ол жеткіншек кезімде пайда болды. Бұл проблема әлі күнге дейін жалғасып келеді. Инені көрсем болды, сол жерден қашып кетуге дайын тұрамын", - дейді жергілікті тұрғын Астрид Нийсен.