Нидерландыда жасырын түрме мен азаптау камерасы табылды

0
906

Қылмыс EncroChat мессенджеріндегі хабарламаның құпиясын ашып оқу барысында әшкереленді.


Нидерландыда жасырын түрме мен азаптау камерасы табылды

ERNUR.KZ. Нидерланды полициясы EncroChat мессенджерінде хабарламаларды оқудың арқасында қылмыскерлер пайдаланған жасырын түрме мен азаптау камерасын тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұйымдасқан қылмыстық топ пайдаланған жасырын түрме мен азаптау камерасы Бельгиямен шекарада орналасқан Воувз Плантаж коммунасында қоймадан табылған. Адамдарды ұрлауға әзірленіп, оларды тұтқынға алып азаптамақшы болған алты адам ұсталды.

Полиция Роттердамдағы екінші нысаннан қаруларын сақтаған орын тапты. Қылмыс EncroChat мессенджеріндегі хабарламаның құпиясын ашып оқу барысында әшкереленді.

Түрмеге жеті теңіз контейнері қойылған, олардың алтауы түрме камерасы ретінде пайдаланылса, жетіншісі – азаптау бөлмесі ретінде қолданылған. Хабарламада белбеуі бар стоматологиялық кресло орналасқан контейнердің суреті болған. Сондай-ақ, қылмыскерлер адамдарды ұрлау және азаптау туралы талқылаған.

Күдіктілер бұл жерді «эби» деп атаған, голланд тілінен аударғанда «емдеу кабинеті» бар қатаң режимдегі пенитенциарлық мекеме дегенді білдіреді. Полиция «түрмені» сәуірдің ортасынан бастап аңдыған. Осы нысанда күнде жұмыс істейтін бірнеше ер адамды байған.

Контейнерлер дыбыс және жылу өткізбейтіндей етіп жасалынған. Әр камераның едені мен төбесіне кісен, ал бұрышқа видеокамера қойылған.

Полиция контейнерлердің бірінен полицияның арнайы киімін, оқ өткізбейтін көкірекше мен жыпылдауық тапқан. Тағы бір контейнерде азаптауға арналған құралдар – қайшы, ара, скальпель, қысқыш, кісен, скотч, қап салынған сөмке болған.

Құқық қорғаушылар ұрланған жүк көлігі мен екі BMW автокөлігін тапты.

Хабарламада Роттердамда орналасқан екінші қойма туралы айтылған. Полицейлер ол жерден жеті тапанша мен автомат тапты. Олар он бір жерді тінтіп шығып, Роттердамдағы үйлердің бірінен 24 келі «экстази» есірткісін анықтады. Күдіктілерден 25 қару тәркіленді.