Нигерияда қарулы топ мектеп-интернаттан 42 адамды ұрлап кетті

0
2 658

Олардың арасында 27 бала мен мұғалімдер бар.


Нигерияда қарулы топ мектеп-интернаттан 42 адамды ұрлап кетті

ERNUR.KZ. Нигерияның солтүстігінде белгісіз біреулер мемлекеттік мектеп-интернатқа қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ губернаторының мәлімдеуінше, қаскүнемдер бір оқушыны атып өлтіріп, 42 адамды ұрлап әкеткен. Олардың арасында 27 бала мен мұғалімдер бар. Қылмыскерлер мектептің күзетшілерін соққыға жыққан. Әзірге бұл шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Билік аймақтағы барлық мектеп-интернаттарды жауып, қауіпсіздік шараларын күшейтті.


– Шабуыл кезінде жатақханада ұйықтап жатқан едім. Атылған мылтық дауысынан шошып оянып, сыртқа атып шықтым. Қарулы адамдарды көріп, шарбақтан секіріп, қашып құтылдым, - дейді оқушы Калеб Самайла.