Жер сілкінісінің ошағы Манхэттеннен 80 шақырымдай жердегі Лебанонде орналасқан.
ERNUR.KZ. Нью-Йоркте магнитудасы 4,8 балды құраған жер сілкінісі болды, деп жазады baq.kz.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:23-те (Астана уақыты бойынша 19:23) орын алған. Жер сілкінісінің ошағы Манхэттеннен 80 шақырымдай жердегі Лебанонде орналасқан.
Штат губернаторының айтуынша, жер сілкінісі бүкіл Нью-Йоркте сезілген.
Менің командам жер сілкінісінің салдары мен келтірілген зиянды есептеп жатыр. Біз күні бойы қоғамды ақпараттандырып отырамыз, - деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.
Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары жерасты дүмпуі Филадельфиядан Бостонға дейінгі қалаларда сезілгенін айтуда.
Сарапшылар мұндай жер сілкінісі бұл ауданда 40 жылдан бері болмаған деген баға берді.