Балабақшалар да жұмысын жандандыра бастады.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққандардың қатары артса да, аймақтағы мектептер біртіндеп ашылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Естеріңізге салайық, жуырда ел билігі бір тәуліктің ішінде 40 адамға COVID-19 диагнозы қойылғанын хабарлаған. Науқастардың 37-сі жергілікті тұрғын болса, қалған үшеуі сырттан келгендер. Бұған қарамастан, оқушылар сабақтарына оралып жатыр.
Балабақшалар да жұмысын жандандыра бастады. Мекемелерде санитарлық талаптардың сақталуы жіті қадағаланып отырады. Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Кореяда 11 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қауіпті дерттен 269 адам жан тапсырды.
- Барлық мұғалімдеріміз дайындықтан өтті. Вирус жұқтырған науқас анықталса не істейтінімізді жақсы білеміз. Ата-аналардың алаңдамауын сұраймын, - дейді мұғалім Парк Хен Джи.