Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды

0
791

​Өзбекстан азаматы Конституцияны бұзғаны және 39 адамды, оның ішінде полиция қызметкерін қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.


Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Стамбұлдың Ортакой ауданындағы Reina түнгі клубындағы 39 адамның өліміне кінәлі деп танылған Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машарипов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputniknews.kz.

"Түркия соты 2017 жылы Ыстамбұлдағы Reina түнгі клубына террорлық шабуыл жасаған Абдулқадыр Машариповты өмір бойына бас бостандығынан айырды", – делінген ақпаратта.

Сот үкіміне сәйкес, сотталушы 1 368 жыл мерзімге, яғни 40 еселенген өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Стамбұлдың ауыр қылмыстар соты Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машариповты Конституцияны бұзғаны және 39 адамды, оның ішінде полиция қызметкерін қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 31 желтоқсанына қараған түні Стамбұлдың Ортакой ауданындағы Reina түнгі клубына Абдулқадыр Машарипов терорлық шабуыл ұйымдастырып, салдарынан 39 адам мерт болған.